Құрметті Ата-ана!
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Елімізде орын алған пандемияға байланысты денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ел өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде короновирустық індетінің таралу қаупі жоғарылаған аймаққа айналғандығы баршаңызға аян. Биылғы оқу жылы денсаулық сақтау жүйесінің әзірлігі анағұрлым жақсы әрі халықты жаппай вакцинациялау жағдайында басталғалы отыр. Жаңа оқу жылын дәстүрлі оқыту форматта ұйымдастыруда білім мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, барлық білім беру ғимараттарында дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі. Оқушылар мен педагогтер, басқа да қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында Ashuq жүйесі арқылы білім ордасына кіретін болады.
Осы орайда, вакцинация – жаппай иммунитетті дамытудың және короновирустың елімізде таралуын тоқтатудың жалғыз тәсілі екендігін ескере отырып, білім ошақтарындағы жұмыскерлердің неғұрлым қауіпсіз жүйесі мәселесі пысықталып, вакцина алу шарасы Талас ауданы білім бөліміне қарасты мекемелерде жұмыскерлер арасында аяқталуға жақын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтауда ата-ана, олармен бірге тұратын туыстардың вакцинациялануы - қоғам, әсіресе білім ордасы үшін маңызды болар еді. Себебі, мектеп қабырғасынан бөлек балаңыздың басым уақыты отбасында, ата-ана жанында болады. Педагогтар мен оқушы арасындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, Сіздің де үлесіңіз зор. Деннің саулығы – қоғамның байлығы екендігін ескерсек, балаңыздың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылық туғызбау мақсатында, жақындарыңыз үшін екпе алуды қолға алыңыз!
Құрметті Ата-ана! Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға шақырамыз!
Екпе алып, жақыныңызға жанашыр болыңыз!
