Нұр Отан партиясы Талас аудандық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде, пандемия жағдайында қашықтықтан, дәстүрлі және аралас оқыту форматтарын сапалы ұйымдастыру және жаңадан салынатын және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептер құрылысының сапасы сынды мәселелер қойылды.Аталған мәселелер бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Қазанғапов Мақсат Арапұлы шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан,дәстүрлі оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орындалған жұмыстар бойынша есеп берді.


