"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl

Cоңғы жаңалықтар

09:05
Конкурс
11:27
Конкурс
документ
17:23
Жұрындысай лагері
09:56
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орынға конкурс жариялайды.
15:40
Хабарландыру!
15:40
Хабарландыру!
20:28
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің хаттамалары
09:14
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің хаттамалары
14:52
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Қазақстан тарих 7 сынып
13:44
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Орыс мектептеріндегі Қазақ тілі 7 сынып
13:27
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Қазақ тілі 7 сынып
13:01
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Ағылшын 7 сынып
18:34
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңінің оқушылар жұмыстары
18:34
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңінің оқушылар жұмыстары
11:06
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңінің хаттамалары
12:11
6 сынып хаттамалары
17:05
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Қазақ тілі мен әдебиеті
16:52
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Қазақстан тарихы
16:18
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Ағылшын тілі
16:01
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Орыс тілі
Көп жаңалықтар
» » «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері: бүгіні мен болашағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне аудандық дөңгелек үстел

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері: бүгіні мен болашағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне аудандық дөңгелек үстел

Жаңалықтар
1 580
3
БүгінТалас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 29 наурыз күні «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері: бүгіні мен болашағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне аудандық дөңгелек үстел өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.

Аудандық дөңгелек үстел барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында  заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімдігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді. Қазіргі кездегі инновациялық технологиялар, үлгілі авторлық бағдарламалар, озық тәжірибелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасты. 

          Қазіргі таңда ауданымызда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында Шардарбекова Зеберкүл Кеңесқызы "Ы.Алтынсарин"  төсбелгісін иеленіп, ҚР Журналистер Одағының мүшелігіне енсе, Мажинова Фарида  «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісін алып, Білім және Ғылым министрлігінің  «Құрмет грамотасын», Рысбекова Жанат Қалдыбековна  «Орта білім беру ісінің үздігі»  Құрмет дипломын, Абдибекова Айгүл  Білім және Ғылым министрлігінің  «Құрмет грамотасын», Мелдебекова Ұлбосын, Ілеш Гүлсара Шорақызы, Анарбаев Берікхан Сыбанбайұлы, Аяпбергенова Жадыра Білім және Ғылым министрлігінің  «Алғыс хатын»  алған. Сонымен қатар, Аяпова Кеңескүл Якияевна, Жұмаділова Фарида Мырзатаевна, Алиева Салтанат Жолдасовна, Нурова Айгул Лесовна «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-30 жылдығына орай» медалін иеленген.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудан бойынша бойынша 136 педагог (қазақ тілді мектептерде 123, оқыту қазақ тілінде емес мектептерде 13 мұғалім) сабақ береді. 

Іс-шара барысында 2021 жылдың 21 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысып келген облысымыздың делегаттары ой бөлісті

Аудандық дөңгелек үстел жұмысына облыстық ерекше дарынды балаларға араналған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, "Үздік педагог"  Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 115-ке жуық педагог қызметкер қатысты.






Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

3 комментария

Абдимутали 29 марта 2022 19:26
Талас ауданы білім бөлімінің әдіскері Азамат Шахымұлының ұйымдастыруымен өткен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері: бүгіні мен болашағы"тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне аудандық дөңгелек үстелі жоғары деңгейде өтті. Тіл мамандары мен әдебиетшілердің көкейіндегі жүрген біраз мәселер айтылды. Қазақта: "Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше"-деген, аталы сөз бар. Бір үстелдің басында отырып әңгімелесудің өзі зердемізді ашып, санамызға нұр құйғандай.  Бұның өзі бір қуанатын нәрсе. Беті жылтыр, беркесіз әңгіме айтқаннан гөрі,  ісімізді алға тартатын, шаруамызды дөңгелететін, білгенімізді бөлісетін осындай басқосулар өтіп тұрса, көшіміздің ілгерілеуі емес пе. Аудандық дөңгелек үстел жұмысына қатысқан облыстық ерекше дарынды балаларға араналған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, "Үздік педагог"  Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлына айтар алғысымыз шексіз.  Ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің мерейі үстем болсын! 
Жадыра Аяпбергенова 29 марта 2022 20:51
Бүгін республикалық деңгейде бастау алған "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері: бүгіні мен болашағы" атты дөңгелек үстел аудандық деңгейде де өз жалғасын тауып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басқосуы өтті.  Барлық пәннің бастауы саналатын қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қатысты  көптің көкейінде жүрген түйткілді мәлелелер сөз болды. Өз пәнінің бүгіні мен болашағына алаңдайтын әрбір пән  мұғалімі өздерінің өзекті мәселелерін ортаға салды. Шешімі табылатын дүниелер де айтылды. Осындай іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Азамат Шахымұлына алғысым шексіз. Атына заты сай тұлға екенін көрсете білді.
Аяпова Кеңескүл 29 марта 2022 22:13
Бүгінгі іс—шара өте жоғары деңгейде өтті.  Қаншама мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері сөз болды және оны шешу жолдары қарастырылды. Сонымен бірге жазба жұмыстары, диктант жұмыстарын алу мәселесі де ұсынылды. Осындай келелі істі ұйымдастырған әдіскеріміз Азамат Шахымұлына, Тараз қаласынан келген, жас болса да кемел білім иесі Базарбай Рысбайұлына алғысым шексіз. Сонымен бірге, әріптесім Гүлнар Лесқызына және осы іс-шараның өтуіне атсалысқан мұғалімдерге де рақмет айтамын. 
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: