"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl

Cоңғы жаңалықтар

16:33
Қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, табысты көшбасшы Ренат Бектұровтың "Адалдық сағаты" 7-11сынып аралығында 3546 оқушыға таратылып, көрсетілді
11:17
«Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымдық қызметіне конкурстық орналастыру ережесін жариялау
11:06
Талас ауданының білім бөлімі бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарлайды
18:32
О РАБОТЕ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ УЧЕБНИКАМИ В НОВОМ УЧЕБНОМ ГОДУ
документ
09:55
Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың өңір тұрғындарына арнаған үндеуіне Талас ауданы әкімдігінің білім бөліміне қaрасты білім мекемелерінің ардагер ұстаздары мен ата-аналарының қосқан пікірлері
документ
20:24
Жазғы демалыс 2020 жыл
11:43
Абай болыңыз, судан: оның тілсіз жау екенін естен шығармаңыз.
10:51
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама
документ
10:07
1 маусым - Балаларды қорғау күні
10:01
1 маусым - Балаларды қорғау күні
17:59
Аудандық «Үздік педагог -2020 » байқауы
17:01
Талас ауданында қашықтықтан оқыту туралы қабылданған шаралар
17:31
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды
17:10
Ашык бюджет 1
18:22
ЖАДЫНАМА АТА - АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
17:54
«Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-нің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
16:22
"Жұрындысай" балалар сауықтыру лагері" КМҚК директорлығына үміткерлердің қамқоршылық кеңесі алдында перспективалық даму жоспарын ұсыну хаттамасы
18:30
35 мектепте «Отбасы-тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» тақырыбымен бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді .
17:20
""Ұстазым- ұлағатым, үлгі-өнегем"
10:44
27 тамыз күні дәстүрлі «KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN» атты аудандық тамыз конференциясы өтті
Көп жаңалықтар
» » Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымы және қосымша білім беру ұйымының басшыcының бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды

Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымы және қосымша білім беру ұйымының басшыcының бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды

228
0
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік орта білім беру ұйымы және қосымша білім беру ұйымының басшыcының бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды
                
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі:
1. «Абай негізгі мектебі» - коммуналдық мемлекеттік мекемесі. м.ж.Үшарал ауылы Кайыр көшесі №8 - 1 бірлік директор лауазымына;
2. «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагері» - мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. м.ж. Қаратау қаласы, Ә.Ақшораев, 12А - 1 бірлік директор лауазымына конкурс жариялайды.           
1) Мемлекеттік орта білім беру ұйымы басшысы конкурсына қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: 
Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін:
                1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Мекеме басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек өтіліне байланысты 102 000-117 004 теңге көлемінде.
2) Қосымша білім беру ұйымы басшысы конкурсына қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: 
- жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. 
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек өтіліне байланысты 110 000-130 000 теңге көлемінде.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қаратау қаласы, А.Павлов көшесі, 2-ғимарат, тел: 6-03-79.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
                2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
                3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
                4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
                5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
                6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
                7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
                8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
                9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
                 Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Аталған  құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.                
Байланыс телефоны – 8 (72644) 60379, электрондық адрес – kar-edu@mail.ru.
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: