"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl

Cоңғы жаңалықтар

17:23
Жұрындысай лагері
09:56
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орынға конкурс жариялайды.
20:28
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің хаттамалары
09:14
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің хаттамалары
14:52
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Қазақстан тарих 7 сынып
13:44
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Орыс мектептеріндегі Қазақ тілі 7 сынып
13:27
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Қазақ тілі 7 сынып
13:01
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің оқушыларының жұмыстары. Ағылшын 7 сынып
18:34
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңінің оқушылар жұмыстары
18:34
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңінің оқушылар жұмыстары
11:06
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңінің хаттамалары
12:11
6 сынып хаттамалары
17:05
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Қазақ тілі мен әдебиеті
16:52
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Қазақстан тарихы
16:18
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Ағылшын тілі
16:01
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Орыс тілі
16:00
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Оыс тілі
14:16
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Жаратылыстану
14:15
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңінің жұмыстары. Математика
12:35
5 сынып хаттамалары
Көп жаңалықтар
» » Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі қосымша білім беру ұйымының басшыcының бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды

Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі қосымша білім беру ұйымының басшыcының бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды

Жаңалықтар
1 037
0

skanirovanie0003.pdf [406,83 Kb] (cкачиваний: 14)
Посмотреть онлайн файл: skanirovanie0003.pdf Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі қосымша білім беру ұйымының басшыcының бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды

                

Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі:

«Жұрындысай» балалар сауықтыру лагері» - мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. м.ж. Қаратау қаласы, Ә.Ақшораев, 12А - 1 бірлік директор лауазымына конкурс жариялайды.           


Қосымша білім беру ұйымы басшысы конкурсына қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: 

- жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.

Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. 

Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек өтіліне байланысты 110 000-130 000 теңге көлемінде.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қаратау қаласы, А.Павлов көшесі, 2-ғимарат, тел: 6-03-79.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

                2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

                3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

                4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

                5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

                6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

                7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

                8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

                9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

                 Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Аталған  құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.                

Байланыс телефоны – 8 (72644) 60379, электрондық адрес – kar-edu@mail.ru.
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: