«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері: бүгіні мен болашағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне аудандық дөңгелек үстел
Іс-шараның мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Аудандық дөңгелек үстел барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімдігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді. Қазіргі кездегі инновациялық технологиялар, үлгілі авторлық бағдарламалар, озық тәжірибелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасты.
Қазіргі таңда ауданымызда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында Шардарбекова Зеберкүл Кеңесқызы "Ы.Алтынсарин" төсбелгісін иеленіп, ҚР Журналистер Одағының мүшелігіне енсе, Мажинова Фарида «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісін алып, Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын», Рысбекова Жанат Қалдыбековна «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломын, Абдибекова Айгүл Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын», Мелдебекова Ұлбосын, Ілеш Гүлсара Шорақызы, Анарбаев Берікхан Сыбанбайұлы, Аяпбергенова Жадыра Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатын» алған. Сонымен қатар, Аяпова Кеңескүл Якияевна, Жұмаділова Фарида Мырзатаевна, Алиева Салтанат Жолдасовна, Нурова Айгул Лесовна «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-30 жылдығына орай» медалін иеленген.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудан бойынша бойынша 136 педагог (қазақ тілді мектептерде 123, оқыту қазақ тілінде емес мектептерде 13 мұғалім) сабақ береді.
Іс-шара барысында 2021 жылдың 21 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысып келген облысымыздың делегаттары ой бөлісті.
Аудандық дөңгелек үстел жұмысына облыстық ерекше дарынды балаларға араналған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, "Үздік педагог" Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 115-ке жуық педагог қызметкер қатысты.






Вернуться назад