DataLife Engine > Жаңалықтар / Құжаттар / Балабақшалар > Конкурс

Конкурс

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» 50 балаға арналған жеке меншік ғимаратта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға» мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс жариялайды.

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Павлов көшесі №2, анықтама үшін телефон: 6-03-79.

1. Орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы.

2. Мекеме қызметінің негізгі бағыты:

Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқыту-тәрбие процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

Ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми-әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамды ұйымының және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді, Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Бала бақшаға арналған жеке ғимараттың болуы тиіс.

Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуі тексеріледі.

Құжаттар осы хабарландыру интернет-ресурста жарияланған соң он бес жұмыс күні ішінде «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
  2. заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысынан көшірмесін, құжаттарды тапсыруға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілген берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
  3. мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
  4. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
  5. медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
  6. Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
  7. педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қойылады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаратау қаласы, Павлов көшесі №2, №1 кабинетте 2026 жылдың 05 қаңтарынан 2026 жылдың 23 қаңтар күні сағат 18-00-ге дейін қабылданады.

Конкурстың өтетін күні: 2026 жылдың 26 қаңтар күні сағат 10-00-де.

Конкурстың өтетін орны: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Павлов көшесі №2.

Электрондық пошта: kar-edu.08@yandex.kz

Осы конкурсқа қатысқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.




Вернуться назад