DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай робототехникадан «Қала құрылысы» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай робототехникадан «Қала құрылысы» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды

2021 жылдың  23  желтоқсан күні   Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  робототехникадан  11 -16 жас аралығында Талас ауданы әкімдігі  білім бөлімінің  және Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен  «Қала құрылысы»атты аудандық байқауы өткізілді. Байқауда   Білім бөлімінің басшысы Мақсат  Арапұлы  және  Балалармен жасөспірімдер орталығының директоры  Динара Нұрдәулетқызы  командаларға сәттілік тіледі. 

Робототехникадан аудандық байқауымыздың  топтарға үй тапсырмасы ретінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қала құрылысының» моделін және жобаның постерін жасау, оны қорғау барысында командалар жетістіктерге жетті.

Мектеп – лицейдің информатика пәні мұғалімі Жанысбай  Жандос бас жүлде,

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның информатика пәні мұғалімі Әліпбаева Марал  І орын,   Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің информатика  пәні мұғалімі   Дүйсенбаев  Еркебұлан  ІІ орын ,    Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қожагелдиева Елизабет  ІІІ орын, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның информатика пәні мұғалімі Сиқымбай Сандуғаш , Қойгелді атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Маликова Арайлым, Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Әуесхан Жансая, Ойық ауылындағы  Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Еркебай Әкімжан   «Үздік жоба жетекшісі» номинациясымен марапатталды.









Вернуться назад