Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай, спорт ардагері Рысқұлов Шымкент Рысқұлұлын еске алу
2021 жылдың 22 желтоқсан күні Қаратау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай және Жамбыл облысының құрметті ардагері, Талас ауданының құрметті Азаматы, спорт ардагері Рысқұлов Шымкент Рысқұлұлын еске алуға арналған бокстан 2008-2011 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Талас ауданының ашық біріншілігі бастау алды. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қ.Мәдібек, аудандық мәслихат хатшысы К.Садубаев, аудандық білім бөлімінің басшысвы М.Казангапов және бірқатар спорт ардагерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Вернуться назад