DataLife Engine > Жаңалықтар > Адал ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі!

Адал ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі!

Талас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 28 қазан күні Балалар өнер мектебінде , Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына бағытталған , «Адал ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі!» тақырыбындағы ерікті мектеп клубтарының аудандық слеті  өткізілді .   
      Слет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнді орындаудан басталды .
     Слетті өткізу барысында , «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерін - рухани - адамгершілік пен азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу және саяси - құқықтық білімін жетілдіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлқын қалыптастыру көзделді . 
      Мектеп оқушыларын парасатты ұрпақ ретінде танылуға ықпал ете білген Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің ағымдағы оқу жылында атқарған жұмыстарының таныстырылымын мектеп президенті Қырықбай Кәусар - фотослайд арқылы көрсетіп , жан - жақты талдау жасап , презентация жасады .
     Слет барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарына 70 оқушы мүшелікке салтанатты түрде қабылданды .
Біз - Тәуелсіз Қазақстанның адал ұрпағымыз!
Біз - сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
Біз - өз Отанымыздың патриотымыз! , -  деп , өз ұжданы мен арының алдында - адал , шыншыл болуға бағытталған ант беру рәсімі талапқа сай өтті .
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында , тәрбие саласында атқарып отырған қажырлы еңбегі және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп  клубының жұмысының табысты жүргізілуіне қосқан үлесі үшін бірқатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Алғыс хатпен марапатталды. 
     Алғыс хатты Талас ауданы әкімдігінің ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Ілес Нұрұлы , Талас ауданының Құрметті азаматы , ұстаз - ардагер Құрал Қошанұлы Нұрпейісов ,  «Жастар ресурстық орталығының» директоры , аудандық мәслихаттың депутаты Нұрсұлтан Жексенбекұлы Манатбеков , Талас ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Калыкулова Гулмира Тұрмағанбетқызы салтанатты түрде тапсырды .
     «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының аудандық слеті - дәстүрлі түрде жыл сайын жас буынның рухани бекзат болмысын кемелдендіру үшін жалғасатын табады .
      Келешек бүгіннен де нұрлы!




Вернуться назад