DataLife Engine > Жаңалықтар > Ардагер ұстаздарды марапаттау

Ардагер ұстаздарды марапаттау

Қазақстан Республикасының Конституциясының мерекесіне орай  А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның ардагер ұстазы Бабатаева Үкімжан Мұқашқызы, С.Сейфуллин атындағы ом.ардагер ұстазы Төлендібай Жетібай Дәбекұлы, А.С.Пушкин атындағы ом. ардагер ұстазы Цой Анна Александровна,М.Әуезов атындағы ом. ардагер ұстазы Мазурина Любовь Максимовна, Мектеп лицейдің ардагер ұстазы Шохалдарова Тоқташ Саметовна, Ақкөл ом. ардагер ұстазы Мадмерова Шариякүл, Ш.Уалиханов ат.ом. ардагер ұстазы Пірімбекова Қаншайым, М.Қыстаубайұлы ат.ом. ардагер ұстазы Жаныбеков Қосылған, Д.А.Қонаев ат.ом ардагер ұстазы Рахымбердиев Пана,   ауданымыздың ардагер ұстаздарының отбасына барып Жамбыл облысы білім басқармасының Талас ауданы білім бөлімінің басшысы М.А.Қазанғапов, кәсіподақ ұйымының төрағасы М.М.Дүйсенәліұлы, ардагер ұстаздардың төрағасы І.Нұрұлы құттықтады.

Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Ұстаздар — мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы — ұстаздың бүгінгі тәлімінде. Ардагер ұстаздар сіздерге зор денсаулық тілейміз!














Вернуться назад