DataLife Engine > > Талас ауданының әкімдігінің білім бөлімі туралы ақпарат

Талас ауданының әкімдігінің білім бөлімі туралы ақпарат

Мектепке дейінгі тәрбие

        Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 23 балабақша (19 мемлекеттік, 4 жекеменшік), 16 шағын орталықта 2797 бала тәрбиеленуде, ол аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 86,2 % (облыста-68%), 3-6 жас аралығында – 98,9% (облыста-90,2%) құрап отыр. 

         Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі  педагогтар саны- 416. Оның ішінде : жоғары білімді -219, арнаулы орта -197. Жоғары санатты – 17(4,7%), 1 санатты - 63(15,4%), 2 санатты 172(41,4%), санаты жоғы – 164(39,4%). Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жоғары және техникалық - кәсіптік білімі бар педагогтардың үлесі - 49,8%-ды құрайды. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі аудан бойынша 49,8% құрап отыр (облыста 32,2%).

1-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны - 593. 

3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны - 32. 


Орта білім беру

Аудан бойынша 35 күндізгі жалпы білім беретін мектепте (оның ішінде: 2 – бастауыш,  27 - орта мектептер, 6 -негізгі) 9046 оқушы білім алуда.

35 мектептің 30-і қазақ тілінде, 2-і орыс тілінде, 3-і қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. 

Шағын жинақталған мектептер саны - 18 (51,4%) (оның ішінде 2-і бастауыш, 6- негізгі, 10-ы орта мектептер). Онда 1589 оқушы білім алуда.




Вернуться назад